Алмалы ауданының әкімінің айтуынша, мердігер ұйымды анықтауда қиындық туындаған
Алмалы ауданының әкімі Сайран көлінің аумағы қашан қайта жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматылықтарды Сайран көлін жайластыру мәселесі қызықтырады, оның жобасы 2023 жылы су айдынының түбін тазарту жүргізілгеннен кейін жарияланды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында абаттандыру жобасы әзірленіп, қорғалғанын атап өтті. Бірақ мердігер ұйымды анықтауда қиындық туындады, сондықтан іске асыру мерзімі өзгерді.
- Жазда көл жағасында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына көлдің қалай жаңаратынын таныстырдық. Бұл ретте тұрғындардың барлық тілегі ескерілді. Мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсім басталды. Нәтижесінде бірінші байқау өтті, оны Түркістан облысының компаниясы жеңіп алды. Бірақ оның ауқымды жұмыстарды жүргізу тәжірибесі болған жоқ. Қала прокуратурасының ұсынысы бойынша бұл конкурстың қорытындысы жойылды. Қазіргі уақытта қайта конкурс өткізілуде. Экология және қоршаған орта басқармасының ақпараты бойынша конкурс қорытындысы 2023 жылдың соңында анықталады. Күн жылынғанда жұмыс басталады деп сенемін, - деді ол.
Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында жайлы мектеп қашан салынады