Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен тұрғындардың өтінішіне байланысты Шұғыла шағынауданы, Бәйтелі батыр көшесі, 24 мекен-жайдағы заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтерілді.
Нәтижесінде, Алматы қалалық сотының шешімімен Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, сот аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Ғимаратты бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. Салушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқармасы да «AРТ-ТЕХНОСС» ЖШС заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызын қозғады.
2021 жылғы 9 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Осыдан кейін қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсірді: талап арыз қанағаттандырылды.