Пандемияға қарамастан Түрксіб ауданында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді: биыл 2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров мәлімдеді.
«Ауданның экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өнеркәсіптік өндіріс көлемі және негізгі капиталға инвестиция салу болып табылады. Пандемия кезінде жұмыстың қиын жағдайына қарамастан аудан жақсы көрсеткіштер көрсетті», — деп атап өтті ол.
2020 жылдың 12 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 215 млрд тг (12 ай) құрады. 2019 жылы — 194,4 млрд тг). ЖКИ — 105,7%.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 81,5 млрд.теңге немесе 113,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі — 26,5 млрд тг немесе 138 % (12 ай). 2019 жылы — 16,8 млрд тг).
104,1 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 2021 жылы 139,1 мың ш. м немесе 42 көп пәтерлі тұрғын үйді (1967 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда, жеке тұрғын үй құрылысына болжам — 30 мың ш. м. асады.