Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 70-тен астам мектеп салынады

tatiana-photo.ru
tatiana-photo.ru
Қалалық бюджет есебінен 23 мектеп салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қалалық бюджет есебінен – 23 мектеп және қосалқы нысандар, ал қалғандары – жеке қаражат есебінен, оның ішінде құрылыс салушылармен жасалған меморандумдар аясында 16 мектеп және қосалқы нысандар салу. Бұл туралы «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарда» айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан басқа, 2025 жылдың соңына дейін Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылатын болады.

Әлеуметтік нысандар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналастырылады. Ғимараттарды аралас пайдалану 2024 жылдан бастап  Солтүстік және Шығыс қақпасы полиорталықтарында алғашқы тұрғын үй кешендерінің тапсырылуымен сыналатын болады.

Осылайша, полиорталықтар алаңында қажетті инфрақұрылымы мен функциялар бар қызметтер жиынтығы нәтижесінде  қауіпсіз тату көршілік орта қалыптасатын болады.

Новости партнеров