Алматыда сумен қамтитын қанша нысанның құрылысы аяқталады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджет жобасы ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттардың қарауына 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық қалаулыларының алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024 жылы жалпы ұзындығы 170 км-ден асатын 12 сумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланғанын айтты.

- Оған 3,5 млрд теңге бөлінеді. Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны қамтылады. Алмалы, Әуезов, Медеу, Жетісу және Түрксіб аудандарында 278,8 км сумен қамту және су бұру желілерін салуға 3,1 млрд. теңге қарастырылған, - деді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, 2024 жылы 1,1 млрд теңге сомасына 23 сумен жабдықтау нысанына және 4 электрмен жабдықтау нысанына ЖСҚ әзірлеу аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылға арналған Алматы бюджетінің жобасы 1,6 трлн.астам. теңге, бұл ретте, қаражаттың 68,4%-ы әлеуметтік шығыстарға тиесілі.

Оқи отырыңыз: Оқушылардың тасымалын қамтамасыз жаңа автобустар сатып алынады

Новости партнеров