|
08.12.2023 | 13:17
435

Оқушылар тасымалын қамтамасыз ететін жаңа автобустар сатып алынады

«Мектеп автобусы» жобасы 2024 жылы да жүзеге асырылады

Оқушылар тасымалын қамтамасыз ететін жаңа автобустар сатып алынады Сурет: elements.envato.com

2024 жылы қосымша 100 мектеп автобусын сатып алу ұсынылды, сары түсті автобустар Алматыдағы тағы 27 мектептің оқушыларын тасымалдайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында депутаттардың сұрағына жауап берді.

Оның айтуынша мониторинг барысында мектепке қатынауы қиын қаланың шалғай жерінде тұратын 8258 оқушы анықталды. Жағдайды жіті зерттеуден кейін «Мектеп автобусы» жобасын жалғастыру аясында оқушыларды көптеп тасымалдау туралы шешім қабылданды.

- Алматы әкімінің тапсырмасымен пилоттық жоба аясында биыл 30 мектепке 100 автобус сатып алынды. Ата-аналардың өтінішін зерделеп, Алатау мен Түрксіб ауданындағы тағы 5 мектептің оқушыларын тасымалдау жоспарланған. Бұл жекелеген ауданда тұратын оқушылардың қатынауын қамтамасыз етеді, - деді Ләззат Жылқыбаева.

Естеріңізге сала кетейік «Мектеп автобусы» жобасы биыл Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асты. Оған қала бюджетінен 5 миллиард теңгеге 100 арнайы автобус сатып алды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, шаһардың қосымша 27 мектебін қамту көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Келесі жылы электр көліктеріне арналған 150 қуаттау құрылғысы орнатылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир