Алматыда қараусыз қалған мысықтарға үйшік орнатыла бастады

пресс-служба акимата
пресс-служба акимата
Қалада 20 үйшік тұрғын үй ауласына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға тұрғын үйшіктер орнату бойынша әлеуметтік жоба жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Қаланың Медеу, Алмалы және Бостандық ауданында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған.  

Жоба «Animal Security» қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы» Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.

Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана оларды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы жасалып жатыр. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндетті.

Қаланың әр ауданында жануарларға мониторингті ерікті негізде зообақылау ұйымдарының ішінен кураторлар жүзеге асыратын болады.  Жануарлар кураторларының үйлестірушісі «Animal Security» ҚҚ, оның басшысы – Наталья Сульжик. Үйшіктерді орнатуға келесі байланыстар арқылы қоғамдық ұйымдарға өтініш беруге болады:

1. Медеу, Алатау және Жетісу ауданы: Наталья Сульжик

+7 (777) 666 25 52;

2. Бостандық ауданы: Владимир Тепляков +7 (701) 432 36 47;

3. Алмалы ауданы: Ирина Михайлова +7 (701) 711 83 81;

4. Әуезов ауданы: Зинаида Савенкова-Кушманова +7 (707) 267 19 57;

5. Наурызбай ауданы: Наталья Кравцова +7 (701) 750 09 84, Аля +7 (705) 180 70 19;

6. Түрксіб ауданы: Виктория Ворструхина +7 (777) 040 89 39.

Еске салсақ, Алматыда қараусыз қалған жануарларға арналған үйшіктер орнату бойынша пилоттық жоба алғаш рет ағымдағы жылдың наурыз айында басталған болатын. Жоба қала тұрғындары арасында көптеген оң пікірлер тудырды. Бүгінде жануарларды қорғау қорларына 500-ден астам өтінім келіп түсті. Қоғамдық зообақылау ұйымдарының жоспарларындағы келесі кезең қараусыз қалған  иттерге арналған питомниктерді орнату жобасы болады.

Оқи отырыңыз: Мексика ғалымдары 8 мың жылдық қоқиқаз жұмыртқасын тапты

Новости партнеров