Зулфухар Жолдасов Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты

inform.kz
inform.kz
Карантин енгізілген күннен бастап министрлік тұрғындармен бірге экологиялық мониторинг жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зулфухар Жолдасовтың мәліметінше, карантин енгізілген күннен бастап министрлік тұрғындармен бірге экологиялық мониторинг жүргізді.

«Сынама 20 бақылау стансасынан, қаланың әртүрлі аудандарынан және ЖЭО-2 санитарлық аймағынан алынды. Талдау көрсеткендей, өткен жылдың наурыз-сәуірімен салыстырғанда осы жылдың дәл осы кезеңінде қаланың төменгі бөлігінде концентрация жоғары (РМ-2,5 және РМ-10) болды. Бұл ластану жылу электр стансаларына тән», – дейді Зулфухар Жолдасов. Сонымен қатар, ол Алматы ең лас қалалардың қатарында екенін атап өтті.

«Алматы бірнеше жыл бойы елдегі ең лас қалалардың тізімінде тұр. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан. ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қаланың үштен бір бөлігіне тең болады», – деді ол.

Новости партнеров