|
30.06.2022 | 13:58
750

Әлеуметтанушы: Инклюзивті орта құру идеясы өте өзекті

Бұл факторлар инфраструктурамен тығыз байланысты

Әлеуметтанушы: Инклюзивті орта құру идеясы өте өзекті ҚазАқпарат

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Осыған байланысты Әлеуметтану ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің профессоры Әбдікерова Гүлнапис Орынбасарқызы адамның өмір сүру деңгейін көтеру туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы әкімдігінің қаланы дамыту бойынша 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді жасаған перспективалары өте өзекті деп ойлаймын.  Қазіргі кезде ең өзекті мәселе адамдардың өмір сүру деңгейі болып табылды. Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасында «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала» осының бәрі жақсы қамтылған», – деді Гүлнапис Орынбасарқызы.

Әлеуметтанушының айтуынша, адамның өмір сүру деңгейін көтеру үшін адамдарға жайлы жағдай жасалуы керек.  

«Ең бірінші – адамдарды күйзеліске түсіп, түрлі ауруға шалдығуына әкелетін факторларды азайтуы керек. Бұл факторлар инфраструктурамен тығыз байланысты. Мысалы, жол сапасы, адамдардың баратын жеріне қиналмай жетуі өзекті деп есептеймін. Сондай-ақ қазіргі кезде инклюзивті орта құру идеясы  өте өзекті. Инклюзивті орта - адамдардың еш қиындықсыз сол қоғамға кіре алу мүмкіндігі болып есептеледі. Бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті», – деді ол

Айта кетейік, Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир