|
21.06.2021 | 21:35
3927

Тәртіп сақшылары Фурманов шыңын бағындырды

Жақсы көрсеткішке қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды

Тәртіп сақшылары Фурманов шыңын бағындырды

Тәртіп сақшылары Фурманов шыңын бағындырды. Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы қаласының полиция департаменті жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болатындай бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шыңға полиция департаментінің аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің дербес бөлімшелері қатысты. Бұдан бөлек, күні кеше ғана Динамо стадионында қаладағы 8 ауданның полиция басқармалары арасында арқан тарту, жүгіруден жарыстар өтті.  Жақсы көрсеткішке жеткен полиция қызметкерлері марапат алып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал, үздік танылған командаға қызметтік автокөлік табыс етілді.

«Шыңды бағындыруға бел алған полиция қызметкерлері аман-есен, абыроймен бағындырып, еліміздің туын желбіреткен болатын сол шыңда. Негізі осындай спорттық шараларды біз жиі ұйымдастырып тұрамыз. Полицияның құрылғанына 29 жыл толуын атап өтуін аясында ауқымды аталып өтіп жатыр», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Bólisý