Бельгияда мектеп құлап, 6 адам мерт болды
ҚазАқпарат
Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Опат болған құрылысшылардың көпшілігі шетелдіктер – Португалияның үш азаматы, бір Румыния азаматы және бір Ресей азаматы. Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды. Прокуратура органдары тергеуге қосылды. Антверпен инженерлік департаментінің мамандары жаңа ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтауда. Қазіргі уақытта мектеп құрылысын бітіру мүмкін болатынына күмән бар, қала басшылығы құрылысы аяқталуға жақын барлық ғимаратты бұзуға тура келетінін жоққа шығармайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45