|
08.06.2022 | 14:23
2545

Алматыда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Сессия Almaty.TV YouTube арнасында тікелей эфирде және Мәслихатының YouTube, Aitube арналарында көрсетілді

Алматыда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды inform.kz

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында тұрғын үй сертификаттарының жаңа мөлшері бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды. Сондай-ақ, Amanat партиясы филиалы Бюросының шешімімен белгілі журналист және эколог Сергей Пономарев Алматы қалалық Мәслихатының депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Сессия барысында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы бекітілді, ол кәсіби аудитор және қаржыгер Алтай Бердикулов болды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды кеңейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік сипаттағы мәселелер Алматы әкімдігі үшін басым бағыт болып табылады. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Кезекте тұрғандар қатарынан сертификат алушылар санатына келесі азаматтар жатады:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- көпбалалы отбасылар;

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй сертификаттары Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар үшін жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы аясында бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін қолданылады.

Сессия Almaty.TV YouTube арнасында тікелей эфирде және Мәслихатының YouTubeAitube арналарында көрсетілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир