Қала құрылысын бақылау басқармасы тексерулер жүргізді
Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
- «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
- «ТриА Холдинг» ЖШС;
- «Ремстрой» ЖШС;
- «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
- «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
- «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
- «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
- «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).
Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн.
Оқи отырыңыз: Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады