|
28.12.2023 | 10:20
2181

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағына минуттық ақы төленеді. Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар. Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 тұрақорын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.

Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 тұрақ-орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар. Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 тұрақ-орын бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейтін болады.

«Алматыпаркинг» КМК ыңғайлы болу үшін «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынады.          

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс режимі күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны - 100 теңге.      

 Автотұрақ үшін алдын ала төлемді келесі тәсілдермен жасауға болады:

- «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минут сайын қабылданады. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store  жүктеуге болады;

- ақпарат almaty-parking.kz сайтында бар;

Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорын екінші деңгейдегі банктер арқылы QR-төлемді интеграциялау арқылы төлем әдістерін ұлғайту мүмкіндіктерін белсенді әзірлеуде.            

Еске салсақ, 11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы тұрақ жүйесі іске қосылды. Бұл ретте қаладағы алаңдық үлгідегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді.            

Заңбұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, мобильді кешендерде (арнайы авто) жүреді.

Алматы паркинг КМК атап өткендей, резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленуде. Алматы қаласының ақылы тұрақ аймағының шекарасында көлік құралдарын тегін тұраққа қою құқығына азаматтардың жеңілдетілген санаттары ие. Өтініштер ONLINE   eOtinish сервисі арқылы, Almaty-parking.kz сайттағы сілтеме бойынша қабылданады. Сall-орталық: + 7 (727) 390-8000 күн сайын таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобустар саны көбейді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир