Биыл Алматы ғимараттарына сейсмикалық аудит жүргізілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 545 пункт белгіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін биыл қазаннан бастап 16,7 мың нысанды қамтитын қала ғимараттарының сейсмоаудитін басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Әкімдіктің бастамасы бойынша Алматы қаласы мәслихатының Алматы қаласының аумағын салу жөніндегі қағидаларды бекіту жөніндегі құзыретін, сондай-ақ қаланың күрделі объектілерін техникалық сүйемелдеу және қабылдау үшін ғылыми-зерттеу институтын тартудың орындылығын көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұдан өзге ЖАО-ға объектілердің сейсмикалық тұрақтылығы тұрғысынан қала құрылысын бақылау функциясын беру көзделуде, - деді қала әкімі.

Жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың 28 сейсмостансасын орнату толығымен аяқталды. ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 545 пункт белгіленді.

Бостандық ауданында Өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. 75 метрге 2 өрт иінді көтергіш пен 90 метрге 1 көтергіш сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңадан үш саябақ ашылады

Новости партнеров