|
17.08.2022 | 14:26
2532

Алматыдағы Түрксіб ауданында ескі үйлер сүріледі

40 бес қабатты тұрғын үй салынады

Алматыдағы Түрксіб ауданында ескі үйлер сүріледі ndv.ru

Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл мәселенің шешімі табыла бастағанын, екі қабатты 13 ескі үйді бұзу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауданның көппәтерлі  1229 үй бар, оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. Қазіргі уақытта Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің квадратында 13 ескі екі қабатты тұрғын үйді, барлығы 201 пәтерді бұзу жоспарланып отыр. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады», - деді Н. Лебаев.

Өткен жылы 3 көпқабатты үйдің (62 пәтер) құрылысы аяқталғанын хабарлады. Екі қабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бес қабатты үйдің (152 пәтер) құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

«QazaqStroy жеке инвесторымен Сейфуллин, Кассин, Котельников көшелерінің квадратында 30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 27 алты қабатты үй (820 пәтер) салынады. Қазірде 114 пәтерлік 2 үй салынып, пайдалануға берілді.

2021 жылы «АгроСпецСтрой» мердігерлік ұйымымен Осипенко көшесінде 59 пәтерлі бір көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, нысанды тапсыру мерзімі – 2022 жылдың 4-тоқсаны.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданында «ТКШ модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда, 8 көпқабатты үй жөнделді. Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында 543 аула абаттандырылды.

Дереккөз: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир