Қолайсыз ауа райы 23 ақпанда басталып, 25 ақпанға қараған түнге дейін ара-тұра жалғасады. Күндіз ауа температурасы -3...-5 градус аяз болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Түнгі уақытта көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 168 құмсепкішпен жолдарға көктайғаққа қарсы материал себілді.
Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1175 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың жүріс бөлігін қар басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілерінен және жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.
Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және маневрлерден аулақ болуға, көлік жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге қоғамдық көлікке ауысуға кеңес береміз.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 16:00-ден кейін 25 ақпан түніне дейін қар 1-2 см-ге дейін жауады. Күндіз -3…-5, түнде -10…-12 градус аяз)
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Оқи отырыңыз: Алматыда уақытша бірнеше көше жабылады