|
21.06.2023 | 14:29
1906

Алматы әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды

Ауданда 2000 орындық жаңа мектеп салынады

Алматы әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды Almaty.tv

Алматының Медеу ауданында 2000 орындық жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі бүгін тұрғындармен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске аспақ. Білім ордасының құрылысы жыл соңына қарай басталады. Одан өзге ауданда емханада тапшы. Қазір жұмыс істеп тұрған медициналық мекемелердің жүктемесі көп. Осыған орай «Думан шағынауданында жаңа емхана бой көтереді» деді қала басшысы. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар ауданда инженерлік желілерді жаңарту және тұрғындарды тұрақты сумен қамту мәселесі де өзекті. Осы мақсатта алдағы айда су тазартуға арналған ұңғымалардың құрылысы басталмақ.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл келесі жылы «Каменское плато», «Көлсай» және «Юбилейный» шағынаудандарын тұрақты сумен қамтамасыз өтуге мүмкіндік береді. «Каменское плато» шағынауданының тұрғындары тарату желісі салынғаннан кейін орталықтан сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қараша айында аяқталады», – дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, ауданда 32 шақырым болатын жол жөнделеді. Жұмысты қараша айында аяқтау жоспарланған. Қаланы жасыл желекке айналдыру және саябақтар мен скверлерді абаттандыру жұмысы жалғасуда. Мәселен, жыл соңына дейін Медеу ауданындағы 122 жоба бітеді. Олардың ішінде 80 ауланы абаттандыру, 23 үйдің қасбетін жаңарту мен 13 жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді жөндеу жұмысы бар.

«Аудандағы қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі таңда оны реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Тереңқұрға осы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Үнемі су басатын 7 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қолданыстағы коллекторларға қосылған 273 м арық желілері реконструкцияланып, салынды, сондай-ақ өткелді салу жұмыстары да орындалды», – дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласының Медеу ауданында 7 тұрақты су басу орны жойылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир