|
21.07.2020 | 14:29
1209

Түркиядан жеткізілген жасанды тыныс алдыру аппараттары Алматы ауруханасына берілді

Аппараттар жиынтығы Алматы әуежайына 20 шілдеде жеткізілген

Түркиядан жеткізілген жасанды тыныс алдыру аппараттары Алматы ауруханасына берілді tengrinews.kz

Түркиядан жеткізілген жасанды тыныс алдыру аппараттары қай қалаға жеткізілетіні анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

5 жасанды тыныс алдыру аппараты Алматыдағы Қалалық жедел жәрдем ауруханасына (БЦМП) берілді. Аппараттар жиынтығы Алматы әуежайына  20 шілдеде жеткізілген.

Пандемиямен күреске қолдау ретінде өкпені жасанды желдету аппараттарын Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының жетекші еуропалық бренді жіберген екен.

Өмірді құтқаруға арналған жабдық Түркияның жетекші кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланған және барлық халықаралық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына сай.

Компания өкілдерінің айтуынша, көктемде 120 инженерден тұратын команда екі апта ішінде Стамбұлдағы ашық инновациялық орталық – Arçelik Garage-те аппараттың бастапқы прототипін жобалап, сынақтан өткізген. Маусым айының басында Çerkezköy Electronics орталығында ел ішінде және одан тыс жерлерге таратуға коммерциялық емес негізде 5000 аппарат шығарылды.

«Түрік бизнесі және Үкіметпен бірге жұмыс істей отырып, біз коммерциялық емес негізде ӨЖЖ өмірлік қажетті аппараттарын өндіру үшін біздің ғылыми-зерттеу және өндірістік мүмкіндіктерімізді қайта қарастырдық. Пандемиямен күрес ұжымдық жаһандық күш-жігерді талап етеді және әлемнің кейбір аудандары шектеулерді алып тастауда, бірте-бірте қалыпты өмірге оралуда, ал біз осы ретте ӨЖЖ аппараттарын оларды қазіргі уақытта ең қажет ететін елдерге қайырымдылық ретінде бере алатындығымызды мақтан тұтамыз», – дейді Arçelik бас директоры Хакан Булгурлу.

Компания пандемияның бірінші кезеңінде вируспен күрес жүргізетін елдерге жасанды тыныс алдыру аппараттарын сыйға тартпақ. Осы бастама аясында олардың бесеуін Қазақстан алды. Қазақстанда өнімдері және қызметтерімен ұсынылған Beko компаниясы өз қызметін 2020 жылдың 4 тоқсанында нарықта еншілес кәсіпорынды ашу арқылы жалғастырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир