Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық «QAYNAR BULAQ» алаңының ашылуына қатысты. «Қайнар нүктесіне» айналатын бұл алаң түрлі сала өкілін біріктіретін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коммуникативті кеңістік AlmaU базасында құрылды және Қазақстан үшін пилоттық жоба болып табылады. Ол Ресейдің әртүрлі қалаларында 110-нан астам ұқсас кеңістіктен тұратын «Қайнар нүктесі» желісіне қосылады.
Қайнар нүктесі саналатын QAYNAR BULAQ негізгі жұмыс бағыттары қаланың барлық тұрғынын қызықтыратын тақырыптарға қатысты іс-шаралар өтеді, олар: білім, туризм және қалаларды дамыту, бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары, жаңа технологиялар – үлкен дерек және жасанды интеллект.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев бұл жобаның мегаполис үшін өзектілігі мен маңызын атап өтті, оның стратегиялық бағыттарының бірі – шығармашылық индустриялар мен IT-ды дамыту. Түрлі қауымдастық пен мемлекеттік орган өкілдерінің белсенді қатысуы – қаланың технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және білім беру жөніндегі міндеттерін орындаудың шешімдерін табуға мүмкіндік береді.