Нұр-Сұлтанда ер адам сатушы қызды пышақпен қорқытып кепілге алды. Қылмыс жасауға ниеттенген азамат 28 жастағы сатушыны көшеге алып шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv
Осы уақытта оның серіктесі іште қалып қояды. Қаскөй дүкеннің кілттерін талап етіп, қызбен бірге есікті іштен жауып алған. Қарақшымен жалғыз қалған 26 жастағы сатушы қауіпсіздік пультіндегі дабыл батырмасын басып үлгеріпті. Күдікті қолына ас үй пышағын ұстап, сатушыға және өзіне пышақ саламын деп қорқытқан. Алайда ешқандай талап қоймаған.
«Ол өте агрессивті әрі мас болған. Әр минут маңызды болды, өйткені сатушының өміріне қауіп төнді. Сондықтан полиция қызметкерінің бірі дүкенге екінші есіктен кірді. Күдікті сөзге алданған сәтте жәбірленуші оған ақырындап жақындай бастады, сол кезде полиция қықзметкері қаскөйді ұстады. Бірақ қолға түсіру барысында ол өзінің кеуде тұсына пышақ сұғып үлгерді. Қазір оның денсаулығна ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.