|
05.05.2021 | 15:36
5920

Футболдан чемпиондар лигасындағы екінші жолдама қай командаға бұйырады

Бұл жолы «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі

Футболдан чемпиондар лигасындағы екінші жолдама қай командаға бұйырады marca.com

5 мамырда UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған екінші команда анықталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, Отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда құрамында жарақат алған футболшылар бар. «Челси» сапынан бүгінгі кездесуде Антонио Рюдигер мен Матео Ковачич ойынды алаң сыртынан тамашалауға мәжбүр. Ал «Реал Мадрид» құрамында Федерико Вальверде, Ферлан Менди, Лукас Васкес пен Хесус Вальехо осындай себеппен кездесуден тыс қалып отыр. 

Аталған ойында италиялық Даниэле Орсато бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары - Алессандро Джаллатини мен Фабиано Прети көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Давиде Масса. Екі команда бұған дейін аталған турнирде бір мәрте кездесті. Жартылай финалдың алғашқы ойынында командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ал 2016 жылы өткен Халықаралық чемпиондар кубогында испаниялық клуб 3:2 есебімен басым түскен еді. 

Естеріңізге сала кетелік, жартылай финалдың тағы бір жұбында Англияның «Манчестер Сити» клубы Францияның «Пари Сен-Жерменін» (2:0, 2:1) орта жолда қалдырып кетті. UEFA Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында Олимпиадалық стадионда болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир