Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында дәстүрлі «AЛМА FEST» фестивалі өтіп жатыр

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Фестивальдің басты алаңында 100 тонна жергілікті алма ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала күнінің басты оқиғасы Тұңғыш Президент саябағында өткен «Алма Fest» дәстүрлі фестивалі болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ұйымдастырушылар алма жәрмеңкесін, концерт және түрлі белсенділік көрсетті. Фестивальдің басты алаңында 100 тонна жергілікті алма ұсынылды.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап этно, кино алаңдары дайындалыпты. Ұлттық спорт түрінен күш сынасып жатқандар да аз емес.


«Алматыда тұрғаныма 20 жыл болды. Қаламыз жылдан-жылға көркейіп келе жатыр. Қазағымыз жасай берсін», – деді қала тұрғыны.

«Мың жылдық тарихы бар әсем қала Алматының күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекеге келіп, үлес қосып жатырмыз. Қазіргідей қиын жағдайда осындай мерекелердің маңызы бұрынғыдан да артығырақ болуы тиіс деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны.

«AЛМА FEST» фестиваліне  Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келіп, әр алаңға арнайы барып, көпшілікті қала күнімен құттықтады. 
Новости партнеров