Алматыдағы су басатын аймақтар мәселесі шешілді

21.12.2023 19:42

2023 жылы 103,5 шақырым арық желісі жаңартылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың соңына дейін Алматыда су басу мәселесін шешу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

2022 жылы зерттеу жүргізіліп үнемі су басатын 102 қиын учаске  анықталды. Оның ішінде 2022 жылы 46 су басу учаскесі, биыл қалған 56 учаске жойылды.

Биыл қосымша 33 учаске анықталды. Олар арық желісін дамыту шешімі арқылы реттелді. 60 жылда алғаш рет алматылықтар арасында Әуежай көлі атанған участкеге  механикалық тазарту жүргізілді. 19 коллектор мен 9 канал салынып, қалпына келтірілді. 3 өзен арнасының жағалау сызығы нығайтылды. Жыл басынан бері 103,5 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңартылды. 2024 жылдың соңына дейін арық жүйесін қалпына келтіру мен оны дамыту — су басу мен суаруды қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңадан үш саябақ ашылады