Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын сүру басталады

yandex.ru
yandex.ru
Мегаполисте 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылдың екінші тоқсанында Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын сүру басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты.

Спикердің айтуынша, 2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мегаполисте 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары анықталған. Бұл ретте заңсыз орнатылған павильондар, дүңгіршектер мен киоскілер электр желісіне қосылған, кейбірінде жылу бар.

«Біз қазірдің өзінде заңсыз стационарлы емес сауда нысандарының меншік иелерімен өз еркімен сүру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан, алдағы уақытта стационарлық емес сауда нысандарын өздігінен салудың алдын алу үшін Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру сызбаларын әзірлеуде. Енді стационарлық емес сауда нысандарын қатаң түрде осы сызбаға сәйкес орнатуға рұқсат беріледі», – деді Б. Солтанбаев.

Орналастыру сызбалары бекітілгеннен кейін 2023 жылдың екінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдар заңсыз стационарлы емес сауда нысандарын сүру жұмыстарын бастайды. Мұндай «нүктелер» инженерлік желілерден ажыратылады.

Сонымен қатар, ережеге бағынбайтын саудагерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 505-баптары бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Анықтама үшін: ҚР ӘҚБтК-тің 204-бабы – ескерту немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл, қайталаған жағдайда айыппұл 10 АЕК. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша – жеке тұлғаларға ескерту немесе айыппұл салу – 20 АЕК, ШКС - ШКС – 30 АЕК, ОКС – 50 АЕК, қайталап бұзған жағдайда жеке тұлғалар үшін айыппұл - 30 АЕК, ШОК – 40 АЕК, ӘҚК – 50 АЕК. 1 АЕК = 3 450 теңге.

Новости партнеров