|
11.06.2020 | 14:48
4810

ТЖ кезінде Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталықтары 76 мыңнан астам тұрғынға көмек қолын созған

Жұмыссыз қалған қыз-келіншектерді қолдау мақсатында психологиялық және бизнес тренингтер өткізілген

ТЖ кезінде Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталықтары 76 мыңнан астам тұрғынға көмек қолын созған Almaty.tv

ТЖ кезінде  Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталықтары 76 мыңнан астам тұрғынға көмек қолын созған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыссыз қалған қыз-келіншектерді қолдау мақсатында психологиялық және бизнес тренингтер өткізілген. Одан өзге, тігу мен аспаздық секілді 9 түрлі курс оқытылған. Бұл туралы қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зүлфия Байсақова хабарлады. Тіпті, Алатау ауданында тіркелген 1280 көпбалалы отбасының мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай көмек алуына да жәрдемдесіпті.

«ТЖ кезінде көрсеткен көмегіміз өте үлкен. 8 аудандағы қалалық орталық үлкен көмек берді. Бір күн демалған жоқпыз, тізімдерді жасап, әр ауланы аралап, жан-жақты көмегімізді бердік. Алғысымды айтқым келіп отыр сол аналарға. Өйткені біздің ауданда карантин кезінде аналардың өзі де көмекке шықты. 2000-дай медициналық бетпердені онкологиямен ауыратын балаларға, қарттар үйіне таратты», – деді «Бақытты отбасы» Алатау ауданы орталығының басшысы Ақмарал Басирова.

Қазіргі уақытта барлық ауданда «Бақытты отбасы» орталығы бар. Мекеме төтенше жағдай кезінде қызметін онлайн жүргізді. Енді дүйсенбіден бастап  қалыпты жұмыс кестесіне оралмақ. Сонымен қатар, үйде отырған аналар онлайн түрде бір-бірімен кездесулер өткізіп, тәжірибелерін ортаға салып жүр.

«Жалпы, пандемия кезеңінде қызметтердің 20 түрі ұсынылып, ақпан айынан бастап 118 адам қамтылды, біздің қызметтерімізге 2426 адам жүгінді. Қазіргі жағдайды түсінетін және біздің орталықтың жұмысына белсенді қатысатын барлық аналарға үлкен рахмет айтқым келеді. Олар еріктілерге көмек көрсетіп, моральдық қолдау жасады», – деді «Бақытты отбасы» әуезов ауданы орталығының басшысы Сәуле Бекетаева.


ГРАФИКА:

Алматы қаласы бойынша «Бақытты отбасы» орталықтарының тізімі:

Алатау ауданы

Нұркент шағынықшам ауданы, 5/25

Қаржы бөлінді: 15,9 млн. теңге

Ашылды: 2 тамыз

Алмалы ауданы

Наурызбай батыр к-сі, 106А

Қаржы бөлінді: 7,9 млн. теңге

Ашылды: 1 тамыз

Әуезов ауданы

Ақсай-1 шағынықшам ауданы, 4А

Қаржы бөлінді: 9 млн. теңге

Ашылды: 30 шілде

Бостандық ауданы

Розыбакиев к-сі, 250

Қаржы бөлінді: 8,5 млн. теңге

Ашылды: 9 қыркүйек

Жетісу ауданы

Жансүгіров/Ломоносова к-сі, 65/34

Қаржы бөлінді: 6,9 млн. теңге

Ашылды: 5 тамыз

Наурызбай ауданы

Шұғыла шағынықшам ауданы 347, 1-корпус

Қаржы бөлінді: 7,6 млн. теңге

Ашылды: 5 тамыз

Медеу ауданы

Зенкова к-сі, 15/41

Қаржы бөлінді: 4,9 млн. теңге

Ашылды: 29 шілде

Түрксіб ауданы

Зорге к-сі, 9

Қаржы бөлінді: 6,6 млн. теңге

Ашылды: 12 қыркүйек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир