Алматыда Әуезов ауданында қарасты бірқатар тұрғын үйлер суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Алматы су» МКК мәліметіне сәйкес, бұл шектеулер жаңа су құбырларын орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосу және желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін қажет.
«8 қазан күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Достық», «Дубок», «Қуаныш», «Мамыр - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7», «Таугүл», «Таугүл-1», «Таугүл-2», «Тепличный», «Школьник», сонымен қатар Жандосов – Саин – Торайғыров – Үлкен Алматы өзені, Жандосов – Саин – Шаляпин – Яссауи көшелері қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады», – делінген хабарламада.
Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.