Түрксіб ауданында неше мектеп салынады

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Ауданда 33 389 оқушы білім алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында 1500 орынды мектеп салынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев ауданда қанша мектеп пен балабақша салуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ауданда 30 мектеп бар, олардың үшеуі ғана жеке меншікте. Барлық мектепте 33 389 оқушы білім алады. 1540 орын жетіспейді.

«Оны төмендету үшін Қайрат шағын ауданында 1500 орынды жалпы білім беретін мектеп және Волочаевская көшесі, 357 мекенжайында 300 орынды жеке мектеп ашу жоспарлануда. Осы жылдың үшінші тоқсанында Сауранбаев көшесіндегі қолданыстағы нысанды бұза отырып, №59 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратының құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Әлмерек және Жас Қанат шағын аудандарында 1050 орынды №195 және №198 жалпы білім беретін мектептерге қосалқы ғимарат салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған", - деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев

Сондай-ақ Боралдай көшесі, 44 мекенжайындағы №50 ЖББ мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту және Сельскохозяйственная көшесі, 21 мекенжайындағы №83 гимназия ғимаратының филиалын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар Н. Лебаев 2022 жылы 342 орынға арналған 6 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылғанын хабарлады. Сондай-ақ, Жас Қанат-2 шағын ауданында 260 орынды мемлекеттік балабақша және Огарев көшесі, 2 мекен жайында орналасқан 190 орынды балабақша құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Осы жылдың мамыр айында №70 санаторлық бөбекжайда күрделі жөндеу мен сейсмикалық нығайту жұмыстары басталды. Күзде Әлмерек шағынауданында 320 орынды балабақша құрылысына ЖСҚ әзірлеуге байқау жариялау жоспарланып жатыр.

Дереккөз: Алматы қаласының ӨКҚ

Новости партнеров