|
25.01.2021 | 14:59
2712

Алматыда 62 отбасы ескі үйден жаңа үйге көшіріледі

Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестициялар тартуға бағытталған

Алматыда 62 отбасы ескі үйден жаңа үйге көшіріледі zakon.kz

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі «ескі» кварталдарды кешенді қайта жаңартуды — ескі үйлерді бұзып, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіруді тапсырды. Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестициялар тартуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының ескі тұрғын үй қорының жартысы Түрксіб ауданында орналасқан — 609 ескі үй. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы ӨКК брифингінде Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров хабарлады.

«Ескі тұрғын үй мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы Молдағалиев көшесі мен Сауранбаев көшесінің қиылысы бойынша 3 бес қабатты КПТҮ пайдалануға беріледі, одан әрі 3 үйді бұзып, 7 бес қабатты КПТҮ салынады. Сонымен қатар Осипенко көшесінде 2 бес қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде», — деді ол.

Сонымен қатар, Котельников-Кассин көшелерінің ауданында — Сейфуллин даңғылы, «Qazaq Stroy» ЖШС 100 меншік иесін көшіру және одан әрі 15 үйді бұзу үшін 2 бес қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир