|
14.10.2021 | 15:04
2519

Алматыда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының арқасында 1100-ден астам жоба қаржыландырылды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды

Алматыда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының арқасында 1100-ден астам жоба қаржыландырылды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша осы жылы қандай бағдарламалар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

А. Қошмамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңге сомаға 17 жоба қаржыландырылып, мақұлданды. Айта кетсек, ілеспе жобалардың ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%-да көшбасшы орынға ие, әрі қарай қызмет көрсету саласы.

Жобалардың ең көп саны «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылды. Барлығы 84,5 млрд теңге сомаға 1 199 жобаға көмек көрсетілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды.

Бизнесті қаржылай қолдау туралы айта келіп, А. Қошмамбетов биыл «алматылық өндірушілер» пулы құрылғанын хабарлады.

«Біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін оларға  барамыз. 25 отандық кәсіпорынға барып, олардың жұмыстарын аралап көрдік», – деп атап өтті Палата директоры.

Нәтижесінде «Аль Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир