Алматының Жетісу ауданындағы 202 көшеде сыртқы жарықтандыру желілеріне жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл 100% жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы брифинг барысында Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта 11 көшеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жолдардың жалпы ұзындығы 18 шақырымнан асады. Сонымен қатар, тротуарлар жабдықталады.
Айта кету керек, егер бұрын негізінен жөндеу жұмыстарымен қаланың орталық магистральдары қамтылса, енді жергілікті атқарушы органдар шеткері аудандарға көшті. Айнабұлақ, Кемел шағын аудандарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдарындағы, Кудерин, Галилей, Нефтебаз, Талант, Таймыр, Геологтар, Жансүгіров, Черновицкая, Москвин көшелеріндегі жолдар жөнделеді.
Гүлнар Көкебаева биылғы жылы көшелерді жарықтандыратын 205 шам орнатылғанын айтты. Биыл және 2022 жылы 202 көшеде сыртқы жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 5,2 млрд тг жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Осы жобаны іске асырғаннан кейін (2021-2022 жылдары) аудан 100% жарықтандырылады. Ратушный к., Палладин к., Бурундайский к., Хожамьяров к., Қазыбаев тұйық к., Станиславский к. және т. б. көшелерде жаңа жарықтандыру орнатылады деп жоспарлануда.)
Жолдар мен оларды жарықтандырудан бөлек, су басуға бейім ең осал учаскелерде арық желілері ретке келтіріледі. Арық желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары ұзындығы 3,8 км болатын 10 көше бойынша жүргізіледі. Бұл — Ачинская, Луговский, Галилей, Дыбенко, Волочаевская, Шелихов, Павлодар, Қазыбаев, Шекспир көшелері және Айнабұлақ-1 ықшам ауданы.
Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасының желісі бойынша жалпы ұзындығы 37,5 шақырым болатын 37 мекенжай бойынша арық желілері мен нөсер кәрізін салу және реконструкциялау жоспарланған. Қазір ЖСҚ әзірленуде. Есенов к., Шилов к., Сералин к., Герцен к., Сахалинская к., Боралдай к., Райымбек к., Рысқұлов к., Омская к., Мусорский к., Ботаническая к., Ақпаев к., Натаров к., Нүсіпбеков к., Алматы-2 т/ж, Сүйінбай даңғылы, Солтүстік айналма жол, Түлкібас к., Көкжиек, Омаров, К. Шушенская, Парковая, Қазыбаев , Колпаковский, Грибоедов, Крылов, Брюсов к., Латиф Хамиди, Мартынов, Ниязбеков, Мақатаев, Первомайская мұнай базасы, Коммунальная, Черкасск қорғанысы, Жангельдин к., Райымбек және Рысқұлов даңғылы бойындағы арықтарды жөндеу жоспарланған. Жолдар бойынша жалпы жағдай ерекше бақылауда.