|
21.12.2023 | 15:09
886

Алматы қаласының экономикасы қанша пайызға өсті

Биыл 79 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Алматы қаласының экономикасы қанша пайызға өсті Almaty.tv

Алматының экономикалық әл-ауқаты жақсарып, индикатор 11 айдың ішінде 13 пайызға өсті. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ шаһар басшысының айтуынша, өңдеу өнеркәсібі 17,7 пайыз өсім көрсеткен. Еңбек нарығындағы жағдай да жақсарып келеді. Биыл 79 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, оның 80 пайызы тұрақты жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар шаһар басшысының айтуынша, 11 айдың ішінде 1 жарым триллион теңгеден  астам инвестиция тартылған. Демек көрсеткіш 19,9 пайызға өскен.

– Алматы қаласының бюджеті айтарлық өсті. Осы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке түсім 34,5 процентке өсіп, 4,9 трлн теңгені құрады. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 1 трлн 324 млрд теңгені құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 51,8 пайызға немесе 553 млрд теңгеге көп. Жергілікті бюджет қаржыландыру көлемі 726 млрд теңгеге дейін 26 процентке ұлғая отырып, әлеуметтік бағытын сақтап қалды, –  деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Шағын және орта бизнесті қолдау мегаполистің өркендеуінде маңызды рөл атқарып, экономикалық өсімді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Биыл бюджеттен кәсіпкерлікті субсидиялау, кепілдік беру мен несиелендіруге 51 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген. 1705 бизнес жоба қолдау тапқан. Сондай-ақ шаһар басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ауданы 88 мың шаршы метр болатын 18 шағын өнеркәсіп паркінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын айтты. Яғни 2 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

– Алматы экономикасын әртараптандыруда туризмді дамыту маңызды. 2023 жылдың 9 айында туристердің саны 17,4 пайызға өскен. Оның ішінде шетелдік туристердің үлесі бір жарым есеге артыпты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды, – деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир