Алматыда Абай даңғылында бөлу жолағы абаттандырылады

17.05.2024 20:09

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бойынша жүзеге асырылады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы тұрғындары 18,8 млрд теңгеге 364 жобаны «Халық қатысатын бюджет» бойынша жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Абай даңғылындағы бөлу жолағын абаттандыру жобасымен танысты. Жаңғырту Тұрғыт Өзал көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі, ұзындығы 2,6 км, жалпы ауданы 5,2 га учаскені қамтиды. Соңғы рет мұнда 15 жыл бұрын жөндеу жүргізілген.

«Халық қатысатын бюджет» жобасының арқасында бөлінетін жасыл аймақ қайта құрылады. Аумақты абаттандыру шеңберінде жарықтандыру жүйесін жаңғырту, төсеніш төсеу және суару жүйесін орнату, жасыл екпелерді санитарлық және қалыптап кесу, сондай-ақ объектіні көгалдандыру жоспарлануда.

Жобаны 2024 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда. Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, жаңғырту кезінде қала тұрғындарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасау үшін сапалы материалдарды пайдалану қажет. Ыңғайлы орындықтарды, функционалды шамдарды және берік жол жабындарын таңдау маңызды. Сонымен қатар, қала әкімі автожуу жүйесін жүргізу қажеттігін атап өтті. Көгалдандыруға келетін болсақ, қыс мезгілінде аллеяның шетіндегі бұталы қоршаулар қар тазалайтын жол техникасынан зардап шекпеуі маңызды.

«Халық қатысатын бюджет» аясында Бостандық ауданында биыл барлығы 50 жоба іске асырылады.

Жалпы, Алматыда осы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алады.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды