|
20.07.2023 | 15:12
2026

Алматы көшесінің бірінде жол көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады

21 шілде мен 11 тамыз аралығында

Алматы көшесінің бірінде жол көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады 24.kz

21 шілде мен 4 тамыз аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға сілтеме жасап.

Аталған көшелердегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Аталған көше бойымен қозғалыс шығыс бағытымен бір бағытта жабылады.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырдың биылғы жылы жоспарлы жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир