Жыл басынан бері Алматының бір ғана Алмалы ауданында 38 жәрмеңке өткізіліп, 414,6 миллион теңгеге өнім сатылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өткен демалыс күндері ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесінде елдімекендерден жеткізілген табиғи өнімдер нарықтағы бағадан 10 пайызға арзан сатылды дейді мамандар. Оған 90-нан астам шаруа қожалығы қатысып, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін сатты.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.
«Жәрмеңкеге жиі қатысамыз. Өтім жақсы. Елдің бәрі «сізде арзан» деп рахметін айтып жатыр», – дейді сатушы Рашид Алламбергенов.
«Жақсы өтеді. Адамдар жақсы алып жатыр. Өнімді өзіміз өсіреміз. Өзіміздің 15 га жеріміз бар», – деді сатушы Ақлима Бекмағамбетова.