Жеңіс күнінде Президент саябағындағы «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» аллеясына да гүл шоғын қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ардагерлермен қоса, рәсімге «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты. Еліміздің әнұранымен басталған іс-шара ары қарай бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Келгендерге сарбаз ботқасы үлестіріліп берілді.
– Соғыс ардагерлерін құттықтаймын! Оларға денаулық тілейтінім! Олар сыйлаған тыныштық, бірлік елімізде 78 жыл бойы салтанат құрып келеді. Ұрпаққа тапсырумыз керек, – деді «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Махмұт Телеғұсов.
Аллея 2020 жылы ашылған. 3 жыл бұрын майдангерлер мен тыл еңбеккерлері отырғызған көшеттер көздің жауын алып, жайқалып тұр. Жиналғандар жеңісті күнді көзіне жас алып еске түсірді.
– Таңертең терезеден тарсылдатып, хабарлады. Бәріміз далаға шықтық. «Соғыс бітті» деп естігенде бір-бірімізді құшақтап, жыладық, – деді тыл еңбеккері Әсима Жетпісбаева.