"Саяхат" автовокзалындағы тұрақ жойылды

Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Құқықтық тәртіп бойынша рейд өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полицейлері "Саяхат" автовокзалындағы тұрақтарды жойды, – деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматылық тәртіп сақшылары көліктерді тұраққа қою ережесін бұзуған, сондай-ақ жабайы сауда жасайтын орындарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады. Осыған байланысты патрульдік бақылау күшейтіліп, қоғамдық полиция көмекшілерінен қосымша күш тартылды.

 – Алматы үлкен қала. Біз ортақ күш-жігерімізді қолданып, мәселені бірлесіп шешуіміз керек. Бірге атқарсаң жеңіл болатыны анық. Күн сайын көптеген құқық бұзушылықтарға куә боламыз. Ұсақ заңбұзушылықтарға көз жұмып қарамай, бұл туралы “102” пультіне немесе ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жедел хабарлауға шақырамыз. Құқықбұзушыларға дереу шара қолданылады. Күн сайын ондаған заңбұзушылық туралы маңызды сигналдар келіп түседі, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Дулат Жаңғабылов. 

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында өткізілген мақсатты рейд қаладағы жол жағдайын тұрақтандыруға, жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсартуға ықпал етеді. Полиция тиісті жол белгілері жоқ аймаққа көлігін қойғандарды анықтайды. Ал заңбұзушылық анықталған кезде жүргізуші көлігін қасында болмай қалса, темір тұлпарын  эвакуатор алып кетіп,  мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қыс ызғары басталды: алматылықтарға ауа райының нашарлайтыны туралы ескерту жасалды

Новости партнеров