Алматының индустриялық аймағында бірнеше жаңа жоба іске қосылды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2020 жылы Алматы индустриялық аймағында 3 жоба іске қосылып, 442 жаңа жұмыс орны ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бизнесті дамыту жөніндегі жұмыстың қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының Индустриалды аймағы директорының міндетін атқарушы Әділ Амралин айтып берді, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі.

2020 жылы Алматы индустриялық аймағында жалпы сомасы 28,8 млрд тг болатын,  442 адамды жұмыспен қамтыған 3 жоба іске қосылды. Олар:

1) «ДорХан-Алматы» ЖШС металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын, Автоматты қақпалары мен рольставтарын өндіру зауыты, жобалық қуаты жылына 12 125 бірлік бұйым, 42 жұмыс орнын құрумен, құны 417 млн тг.

2) құны 28 млрд тг, жылына 45 мың дана автокөлік шығаратын жобалық қуатымен және 350 жұмыс орын ашатын «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автокөлік құралдарын шығаратын зауыты.

3) құны 443,4 млн тг, жобалық қуаты жылына 29 млрд медициналық бұйымды құрайтын, 50 жұмыс орнын ашатын, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын «Алмерек» ЖШС зауыты.

Жақын арада жалпы сомасы 16,8 млн тг тағы 5 жобаны («Рахат СК» ЖШС автоклавты қатыру жылу-газ блогын өндіру зауыты, «Техноконт» ЖШС орташа вольтті жиынтықты тарату құрылғыларын өндіру зауыты, «Valtherm» ЖШС алюминий және биметалды жылыту радиаторларын өндіру зауыты, «КМК Investment» ЖШС кабель-өткізгіш өнімдерін өндіру зауытының екінші кезеңі, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС автоклавты ұяшықты газобетон өндіру зауыты) іске қосу жоспарлануда. Осы жобалардың арқасында 388 жаңа жұмыс орны ашылады.

2021 жылы және одан кейінгі жылдары Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде экспортқа бағдарланған 15 кәсіпорынды құра отырып, сомасы 119,7 млрд тг 35 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған резиденттер бөлінген учаскелерде жобалау, құрылыс, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2021 жылы индустриялық аймақ аумағында келесі құрылыс салушылар 5 өнеркәсіптік паркті салу және реконструкциялау жоспарлануда: «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС және «Азия Пром Текстиль» ЖШС. Өндірістік үймерек жалпы ауданы шамамен 35 мың м2 құрайды.

«D&J Investments & Logistic» ЖШС компаниясы іргетас орнату бойынша жер жұмыстарын жүргізуде. «Ala Estate» ЖШС компаниясы ғимараттардың іргетасын қалауды жүргізуде. Аталған өнеркәсіптік парктердің қатысушылары 700-ден астам жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Өндіріс құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі түрінде ұсынылатын болады. Алматы индустриялық аймағының резидент компаниялары Алматы қаласы экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Республиканың жедел экономикалық өсуіне, әртараптандыруға, импортты алмастыруға, ішкі нарықты молықтыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Новости партнеров