|
21.12.2023 | 15:24
957

Досаев: Басты жоспарым – аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру

Қала әкімі тағайындау туралы қауесетке тағы да түсініктеме берді

Досаев: Басты жоспарым – аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОКҚ брифингі барысында БАҚ өкілдері Алматы әкімі Ерболат Досаевтан оны келесі премьер-министр етіп тағайындау туралы кейбір сарапшылардың болжамдарына түсініктеме беруін сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

- Маусым айында өткен  брифинг кезінде де осы сұрақ қойылған еді. Енді, міне, тағы да қайталанып отыр. Бүгін мен сіздерге Алматыны дамыту бойынша  атқарылатын жоспарлар туралы баяндадым. Орындалуы тиіс жұмыстарға ғана назар аударамын. Егер тереңірек үңіліп, қазіргі жұмысыңыз ұнай ма деп сұрасаңыз, мен ойланбастан ұнайды деп жауап беремін. Жұмысымды осы бағытта жалғастырғым келеді, - деді әкім.

Ерболат Досаев: "Тағайындауға  қатысты мәселе сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де өз деңгейінде жұмыстарын жалғастыруда. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Менің жеке басыма назар аударғаныңыз үшін тағы да рахмет. Бірақ менің басты жоспарым - қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру".

Оқи отырыңыз: Қала әкімінің халықпен кездесу форматы өзгерді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир