Биыл Медеу ауданында 303 бейнебақылау камерасы орнатылады

Биыл Медеу ауданында 303 бейнебақылау камерасы орнатылады
Кеңсай шағынауданында қосымша мобильді станцияларды қосу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданындағы өзекті мәселелердің бірі –  Кеңсай, Мұзтау және Каменское плато шағынаудандарында интернет пен ұялы байланыс желісі тұрақты жұмыс істемейді. Бұған жер бедері себеп болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2022 жылы сигналдың сапасын жақсарту үшін 3 тіректі орнатып, Кеңсай шағынауданында қосымша мобильді станцияларды қосу жоспарланған.

«2020-2021 жылдары Алатау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай шағынаудандарында байланыс және интернет желісін орнату жұмыстары жүргізілді», – деді әкім.

Мегаполистің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін 2022 жылы Горный Гигант, Көк-Төбе 1-2, Компот, Малая Станица, Шуақты шағынаудандарын жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жұмыстары жоспарланған.  

«Жолдарға және адамдар көп баратын жерлерге  бейнебақылау объектілерін орнату жобасының аясында осы жылдың соңына дейін Сергек аппараттық-өндіріктік кешенінің  саны 120-дан 214-ке дейін ұлғайтылады. Жылдың соңына дейін 303 бейнебақылау камерасы орнатылады. Аулаларға-185, жол қиылыстарына - 80, парктерге-20, білім беру объектілеріне-16, сауда орталықтарына- 2 бейнекамера орнатылады», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

Бұл ретте Самал шағынауданына 103 камера, Думан шағынауданына – 23, Алатау шағынауданына - 18, Горный гигант шағынауданына – 3,  Асқартау шағынауданы мен Кеңсай саяжай массивіне 2 камерадан орнатылады. Қалған 152 бейнекамера көшелердің бойына қойылады.  

«Кенсай, Сұлусай және Думан шағын аудандарында электр желілерін модернизациялау бойынша жобаларды аяқтағанда бейнекамералардың санынкөбейтетін боламыз», – деді қала әкімі.

2020 жылы Медеу ауданы бойынша «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) компаниясы Медеу ауданының Кеңсай, «Мебельщик А/Т», Алатау шағын ауданы бойынша базалық станцияларды іске қосты.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Kcell» АҚ компаниясы Медеу ауданының Алатау шағын ауданында жаңа 2 базалық станцияны іске қосты.

Новости партнеров