|
17.06.2022 | 15:45
1309

Медеу ауданыда қанша медициналық ұйым жұмыс істейді

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев айтты

Медеу ауданыда қанша медициналық ұйым жұмыс істейді Фото: ашық дереккөзден

Медеу ауданының денсаулық сақтау жүйесінде барлығы 21 мемлекеттік мекеме және 11 жеке медициналық ұйым жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, халықтың тығыз қоныстануынан бос жер учаскелері жоқ. Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық көмек көрсететін объектілермен қамтамасыз ету өзекті болып отыр.

"Кеңсай, Көлсай, Сұлусай шағынауданында жақын орналасқан медициналық объектілері жоқ. Бүгінде осы елдімекендердің 8 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алу үшін 10 км шалғайда орналасқан №5 қалалық аурухананың емханасына және №2 қалалық емханаға баруға мәжбүр. Кеңсай тұрғындарына қызмет көрсететін жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны ашу үшін ғимарат сатып алынды. Қаражат бөлінді. Ғимарат 2022 жылдың соңына дейін жөнделеді. Көлсай және Сұлусай шағынаудандарындағы фельдшерлік-амбулаториялық пункттер осы шілде айында демеушілер қаражаты есебінен жөнделеді. Күтіп-ұстау мен қаржыландыру жергілікті бюджеттен қамтамасыз етіледі. Думан шағынауданында 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (60 адам қабылдау) қызмет көрсетеді. Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхана салу жоспарланған. Жер учаскесі анықталды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат бөлінді. Құрылысы 2023 жылы басталады. 2023 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін «Алатау» қалалық ауруханасын күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем станциясы үшін ғимаратты бұзып, жаңасын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтауды көздеп отырмыз", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир