Науразбай ауданының әкімдігінде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қатаң шектеу шаралары кезінде қандай нысандардың қызметі тоқтайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наурызбай ауданында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен 20 шілдеге дейінгі мерзімде жұқтыру қаупі жоғары нысандардың қызметіне шектеу енгізілді. Барлық СҮ, базарлар, супермаркеттер, фитнес орталықтардың қызметі тоқтайды. Дәмханалар мен мейрамханаларда тек жазғы алаңдар жұмыс істейді, оның өзінде әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-эпидемиологиялық талап орындалуы керек. Сонымен бірге, сұлулық салондарының, сауналар мен моншалардың, бассейндер мен басқа да қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады.
Наурызбай ауданында барлығы үш базар (Барлық, Таусамалы, Ақбұлақ), екі сауда үйі (Эйкос, Гломарт), тоғыз супермаркет (Асқар, Береке, Беккер және басқалары) және алты фитнес орталық (Тауфит, Yfit және басқалары) бар. Сонымен бірге ауданда 43 сұлулық салоны, 14 сауна, 22 монша, төрт бассейн бар.
Қалалық қоғамдық көлік, сонымен бірге, қала маңындағы автобус бағыттарын жұмыстарын жолаушылар санын 50%-дан асырмау жағдайында жұмыс істейді.
Қызметтері тоқтатылған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.
Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеу шараларының орындалуы бойынша патрульдеу күшейтіледі. Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Аудан әкімдігінде тұрғындарды қала бойынша қозғалысты шектеуге, карантин режимін қатаң ұстанып, әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауға шақыруда.