Полицейлер алматылық жүргізушілердің жиі бұзатын жол ережесін атады

открытые источники
открытые источники
2020 жылдың жеті айында 134 мың 206 жол ережесін бұзушылық анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы жол ережесін кімнің жиі бұзатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың жеті айында жергілікті полиция қызметі басқармасы және Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы 134 мың 206 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтаған: 

– жаяу жүргіншілер арасында 5 мың 435 

– жүргізушілер арасында 128 мың 771, оның ішінде мас күйінде 713. 

Негізгі бұзушылық түрлері бойынша: 

– төтенше жағдай жасау – 2 мың 695, 

– қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу -192, 

– қиылыстың өтуін бұзу – 9 мың 905, 

– жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу -1 мың 551, 

– мемлекеттік нөмірлік белгісіз көлік құралдарын басқару -1 мың 326, 

– техникалық тексеру – 774, 

– СО, СН, түтін шығару нормаларынан асып кету – 4 мың 087, 

– қауіпсіздік белбеуі – 5 мың 379, 

– ұялы телефон – 3 мың 495, т.б.

Новости партнеров