JASYL EL жобасына кімдер қатыса алады

zhanaqorgan-tynysy.kz
zhanaqorgan-tynysy.kz
Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттар тізімі көп емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

14 пен 35 жасқа дейінгі алматылық жастарды JASYL EL еңбек жасағының қатарына қосылуға шақырады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде JASYL EL жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас балаларға 70 мың теңге төлейді, бір айлық жұмысы үшін жасақ жұмысшылары қолына таза 54 мың теңге алады. «Жасылдар» жасағында толық жұмыс күні істемейді, бастысы, бес күндік жұмыс аптасында 40 сағат жұмыс істесе жеткілікті.

Жұмысқа тұру үшін кәмелет жасына толмаған жасөспірімге ата-анасының рұқсаты керек, әрбір «жасыл ел» қатарына қабылданушымен жасақта жұмыс істеу мерзіміне еңбек келісімшарты жасалады (маусымнан тамызға дейін істеуге болады). Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттар тізімі көп емес – жеке басты растайтын куәлік және еңбекақы түсіп тұратын «Қазпоштаның» ағымдағы шоты қажет.

Жұмыс орны, жұмыс кестесі, мерзімі, жұмыс шарттары мен ұсыныстарды +7 708 928 50 72 телефон нөмірі арқылы біліп, кеңес алуға болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса адам жұмысқа орналасады

Новости партнеров