|
29.12.2023 | 15:27
2049

Жаңа жыл қарсаңында алматылықтардың құттықтауы Қытай теледидарында көрсетіледі

Трансляция Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады

Жаңа жыл қарсаңында алматылықтардың құттықтауы Қытай теледидарында көрсетіледі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 31 желтоқсанынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдағы Абай алаңында алғаш рет Poetry Date Халықаралық жаңажылдық поэзиялық акциясының түсірілімі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Трансляция Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады және Қытайдың CGTN ірі жаһандық телевизиялық желісінің медиа платформасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Әлемнің 7 қаласы ғана жаңажылдық телемарафонға қатыса алады. Алматыдан басқа биыл Париж, Сидней, Каир, Мехико, Сиань және Чанши эфирге қосылады.

Трансляция медиа платформада 24 сағат ішінде өтеді. Акцияға кез келген адам қатыса алады, ол үшін өлеңді қазақ немесе орыс тілінде оқу жеткілікті.

Poetry Date жаңажылдық бейнебаянына қазақ эстрадасының жұлдыздары, танымал әртістер мен ақындар қатысады. Жаңа жыл қарсаңында адамдар өтіп бара жатқан 2023 жылмен қоштасуға және жаңа 2024 жылды әлемнің түкпір-түкпіріндегі достарымен бірге қарсы алуға жиналады.

Айта кетейік, биыл Алматыда туристер санының айтарлықтай өсуі байқалды. 2023 жылдың тоғыз айында қала 409,4 мыңнан астам шетелдік туристерді қабылдады, оның ішінде 47,6 мың турист Қытайдан келген.    

10 қарашадан бастап Қазақстан және Қытай арасында жеке, туристік, емдік мақсатта, сондай-ақ халықаралық тасымалдар, іскерлік сапарлар мен транзит үшін елге баруды жеңілдететін өзара визасыз режим күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Алматының әр ауданында күнде жаңажылдық концерттер өтуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир