|
29.12.2022 | 15:30
2311

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті

«Сенім» әлеуметтік орталығында 107 бала бар

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті Almaty.tv

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кішкентай балғындарды құттықтауға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары арнайы келді. Бүлдіршіндерге анимациялық қойылым көрсетіліп, базарлық табысталды.

«Жаңа жыл әсіресе балғындардың асыға күтетін мерекесі. Дәл осы күні олар тілегін айтып, сыйлығын алады. Балалардың қуанғаны – біз үшін де қуаныш», – деді «Сенім әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Әлия Битманова.

«Сенім» әлеуметтік орталығы 60 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы нейропсихиатриялық патологиясы бар балалар тұрады. Мекеме директорының айтуынша, қазір орталықта 107 бала бар екен. 44 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.

«Аяз ата мен Ақшақар төсек тартып, тұра алмайтын балалардың бөлмелеріне кіріп, арнайы құттықтады. Мақсат - балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау. Аздаған сыйлық әкеліп, қуанттық», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир