31 желтоқсан күні қоғамдық көлік әдеттегідей сағ.06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
1 қаңтар күні жылжымалы бірліктің 50%-ы жолға шығарылады. 2,3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-ы қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағ.23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағ.00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.
Алматы метрополитені штаттық режимде сағ.06:20-дан сағ. 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсететін болады.