Аудандағы өзекті мәселелердің бірі есірткі қылмысының жолын кесу болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті, деп хабарлайлы Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда Әуезов ауданы тіркелген есірткі қылмысы бойынша көш бастап тұр. Тек осы жылдың басынан бері 92 жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың 12 айындағы көрсеткіштен жоғары.
«Есірткі қылмысының жолын кесу және қарсы іс-қимыл жасау үшін биылғы жылы азаматтар көп жиналатын жерлерге камера орнату жобасының аясында ауданға 457 камера орнату жоспарланған, оның 87-сі аулаларға, 202-сі әлеуметтік объектілер жанындағы саябақтарға орнатылатын болады», – деді Ерболат Досаев,
Қала басшысы есірткі қылмысына қарсы тиімді күресу үшін азаматтар мен полиция бірлесіп іс-қимыл жасауы қажет деп атап өтті.
«Сіздерді наркотик сату фактілері, күдікті іс-әрекеттер туралы полицияға хабарлауға, есірткінің таралуына жол бермеуге шақырамын», – деді әкім.