|
12.04.2024 | 10:39
1830

Алматы – біздің ортақ үйіміз: қоқысты кофе/снэкке айырбаста науқаны өтеді

Қалдықтар жиналып, қайта өңделеді

Алматы – біздің ортақ үйіміз: қоқысты кофе/снэкке айырбаста науқаны өтеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

15 сәуірде Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» науқаны бастау алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Алматыда «Қоқысты кофеге айырбаста/снэк» акциясы басталады

Акция «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткізілуде

Қалада басталған «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» акциясы өтеді.

Акцияны өткізу мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуір - 8 мамыр.

«Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» - бұл қала тұрғындарын сыйлық купондарының орнына қайталама шикізатты жинауға және қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын экологиялық бастама. Акция қалдықтармен байланысты мәселелер және оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.

Акцияға Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге арналған шикізатты өз бетінше жинау ұсынылады.

Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады:

№ - аудан - қабылдау пункттері - мекенжайы:

1. Алатау - Ecosen - Нуркент ш/а, - 7/1;

2. Алмалы - Ecosen - Байзақов көш, 73/1;

3. Әуезов - Kazakhstan Waste Recycling - 8-й ш/а, 58а;

4. Әуезов - Kazakhstan Waste Recycling - Аксай-3 ш/а, 1а/1;

5. Бостандық - Kazakhstan Waste Recycling - Тимирязев көш, 81/3 киоск;

6. Бостандық - Ecosen - Розыбакиев көш, 247/3;

7. Медеу - Kazakhstan Waste Recycling - Самал-1, 32 киоск;

8. Медеу - Эко-тауарлардың - «Hello Eco» дүкені Самал-2, 56А үйі;

9. Жетісу - қабылдау  пункті - Қазыбаев көш, 264а (Карина Trading);

10. Наурызбай - қабылдау пункті - Райымбек даңғылы, 548/2;

11. Түрксіб - қабылдау пункті - Жас Канат ш/а, 1/28.

Әр материал үшін купонның бес түрі ұсынылады: пицца купоны, бургер, кафе, донер және додстер. Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокоды болады.

Қатысушылар қайта өңделетін заттарды келесі шарттармен купондарға айырбастай алады:

- Кофе купонына 2 кг макулатура (қағаз, картон);

- Бургер купонына 1 кг пластикалық бөтелкелер (ПЭТ бөтелкелері);

- Донер немесе додстер купонына 1 кг алюминий банка;

- Пицца купонына 3 кг мөлдір шыны (түссіз) бөтелкелер.

Купондардың жарамды мерзімі 2024 жылдың 8 мамырына дейін. Акцияның серіктестері: «Salam Bro», «Dodo pizza», «Gippo», «Degirmen» компаниялары.

Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы алматылықтарды «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылуға шақырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир