|
09.11.2020 | 15:36
3739

Медеу ауданының тұрғындары үшін қандай әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды

Аудан әкімдігінде хабарлағандай, бағдарлама аясында Медеу ауданы бойынша 9 жоба анықталып, 370 жұмыс орны құрылды

Медеу ауданының тұрғындары үшін қандай әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды стоп-кадр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында аудан тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 218 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында барлығы 26 мың жұмыс орнын құру көзделген.

Аудан әкімдігінде хабарлағандай, бағдарлама аясында Медеу ауданы бойынша 9 жоба анықталып, 370 жұмыс орны құрылды.

Іске асырылған жобалар арасында «Менделеев» саябағына ағымдағы жөндеу, ШААЖ бойынша суару жүйесіне және бес балабақшаға жөндеу жүргізілді. 2 жоба бойынша жұмыстар бар: «Шухов» саябағын және ауданның қорғаныс істері жөніндегі басқарма ғимаратын күрделі жөндеу.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға келетін болсақ, Медеу ауданында балаларға арналған алты аудандық кітапханаларда жүйеленген үйірмелер бар. Ауданның жалпы білім беретін 28 мектебінде тегін үйірмелер ұйымдастырылған. Атап айтқанда, бүгінгі күні ауданда 5257 баланы қамтитын 259 тегін шығармашылық үйірме жұмыс істейді. 83 тегін спорт секциясында мектеп жасындағы 4694 бала спортпен айналысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, ауданда 39 жалпыға қолжетімді workout алаңы, 35 футбол алаңы, 48 баскетбол алаңы жұмыс істейді.

Ауданда қолжетімді әлеуметтік нысандар желісін дамыту мақсатында түрлі спорт түрлері бойынша тегін секцияларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазан айының соңында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін «Медеу» атты 2 футбол секциясы қолжетімді болды. Жоба аясында 50 бала футбол секциясымен тегін қамтылды. Ата-аналардың сұраныстары негізінде жыл соңына дейін 30 балаға арналған 3 футбол секциясын ұйымдастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде: ашық аспан астындағы тегін фитнес-клуб, баскетбол мен волейболдан тегін секциялар, домбыра үйірмесі, ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындайтын жастар шеберханасы, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы, сондай-ақ жаңа заманауи кітапхана.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир